О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 25 июля 2002 года № 141 "О создании областного Совета по делам инвалидов" (зарегистрировано в управлении юстиции 20 августа 2002 года № 1053) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі № 141 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 20 тамызда № 1053 болып тіркелген) өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облысы әкімиятының "Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі № 141 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 20 тамызда № 1053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін және белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын: 1) Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құрамына: "Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы болып, Доронина Раиса Есқалиқызы - облыстық соқырлар қоғамының төрайымы (келісім бойынша), Қарабалина Гүлшат Қабдулқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша медициналық әлеуметтік сараптама жөніндегі бас сарапшы (келісім бойынша)" енгізілсін.
Тармақша 2
2) Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңестің көрсетілген құрамынан Е.Күмісқали, В.К.Лисичкин шығарылсын.
Тармақша 3
3) Көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес туралы ережеде: 5 тармақтағы "тоқсанына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын.