О внесении изменений в решение маслихата города Кокшетау от 25 декабря 2002г. № С-33/8 «Об утверждении “Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» (зарегистрированное в Управлении юстиции Акмолинской области за № 1493 от 15.01.2003 года) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
(Ақмола облысының әділет Басқармасында 2003 жылдың 15 қаңтарында № 1493 тіркелген) «Жекелеген категориядағы азаматтарға әлеуметтік өтем жасауды жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № С 33/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.02.2004 № С-7/8 шешімімен. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовтың ақпаратынан кейін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес қала мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Жекелеген категориядағы азаматтарға әлеуметтік өтем жасауды жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» Көкшетау қаласы маслихатының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № С-33/8 шешіміне (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылдың 15 қаңтарында № 1493 тіркелген, 2003 жылдың 7 ақпанындағы № 6 «Көкшетау» газеті) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 11 тармағындағы 4 бөлімнің «Көмек көрсету тәртібі мен мөлшері» мынадай редақцияда: «11. Әлеуметтік өтемдер қаржыны аудару арқылы, көрсетілген тармақтағыдай адамның өтініш беруіңіз есеп шотына жіберіледі: 1) Мереке күндеріне: Көп балалы аналарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне 500 тенгеден: «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен наградталған, «Батыр ана», «Ана даңқы» 1 және II дәрежелі ордендерімен наградталған; мүгедек әйелдерге жас балалары бар; 90 жасқа келген және оданда көп көпжасағандарға «Наурыз» мейрамында 1000 теңге; Ауғаныстаннан әскерлерді шығарған күнге-ауған мүгедектеріне -1000 теңге; Чернобыль АЭС апатын жоюға катынасқан мүгедектерге – 1000 тенге; 9 мамыр Жеңіс күні Ұлы Отан согысына қатысқандарға, мүгедектерге - 2000 теңге; тыл еңбеккерлеріне-соғыс жылдары 6 ай жұмыс істегендерге -1000 теңге; Шәһит болған, өлген әскерлердің жесірлеріне, фашист лагерлерінде азап шеккен жасөспірімдер, Ленинград қоршаудағы тұрғындар - 500 теңге. Балаларды қорғау күні, мүгедек - балаларға 16 жасқа дейін - 500 теңге; Конституция күніне - жетім студенттерге, аз қамтылған отбасының дарынды балаларына, арнайы оқу орындарында оқитын - 5000 тенгеге дейін; Қарттар Күніне - зейнеткерлерге ұйымдарға бекітілмеген және зейнет ақысы 5500 теңгеден кемдерге -500 тенге; Мүгедектер күніне 1,11, III топтағы -500 тенге; Мерейтой уақытарына, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне: 75,80,85,90,95 жас; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 ақпандағы Жарлығына орай «Көп балалы аналарды «Алтын Алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы»: Көп балалы аналарға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен наградталган көлемі 5000 теңге;
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында тіркеліп, бұқаралық ақпараттар құрамында жарияланған күннен күшіне енеді.