О внесении изменений в постановление акимата области от 25 февраля 2002 года № 44 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об объявлении 2002 года Годом здоровья» в Западно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Батыс Қазақстан
облысында Қазақстан Республикасы Президентінің «2002 жылды Денсаулық жылы деп
жариялау туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» облыс
әкімдігінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары басшылығындағы кадрлар өзгерісіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" облыс әкімдігінің 2002 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Денсаулық жылын өткізу жөніндегі облыстық комиссия құрамына мыналар енгізілсін (N 1 қосымша):
Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Ақылбек Теміржанұлы Аманғалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы, комиссия мүшесі
Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллин - "Орал өңірі" газеті" МКҚК-ның бас редакторы, комиссия мүшесі
Әлібек Байжанұлы Сәтбаев - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, Кеңес мүшесі
Дабыс Тілекенұлы Сатыбаев - Зеленов ауданының әкімі, комиссия мүшесі
Шавхат Әнесұлы Өтемісов - Ақжайық ауданының әкімі, комиссия мүшесі
Тармақша 2
2) комиссия құрамынан мыналар шығарылсын: Ерболат Мұхтарұлы Жұмағалиев, Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин, Мәжит Қайырғалиұлы Қайырғалиев.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсін.