О внесении изменений и дополнений в решение Федоровского районного маслихата от 25 декабря 2002 года № 98 «Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг», номер государственной регистрации 1944 Күшін жойған
Басқа 0
Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1944
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық қатынастар туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Федоров аудандық мәслихатының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн (Қостанай облысы әдiлет басқармасында 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1944 тiркелген, 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 5 «Федоровские новости» газетiнде жарияланды):
көрсетiлген шешiмнiң «Тұрмыстық жәрдемақыларды есептеу» II-бөлiмiнiң 7-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Әлеуметтік қорғау органы тұрмыстық жәрдемақыны тағайындау туралы шешiм меншік иесінің (жалдаушы) арызы және соған қоса тұрғын үйдің құжаттары, отбасының құрамы, бір тоқсандағы отбасының кірісі (еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, алименттер мөлшерi туралы анықтама, басқа да табыстар туралы салық комитетiнен анықтама), кәмелет жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлiктер көшiрмесi негізінде қабылданады. Табыстың жоқ жағдайында бiр адамға екi төменгi көрсеткiш есебi қолданады. Келіспеушілік жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнiндегi комиссиясы шешім қабылдайды».
Тармақ 2
2. Осы шешiм Қостанай облысы Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуге алынған сәттен бастап қолданысқа енедi.