О внесении изменений и дополнений в решение Федоровского районного маслихата от 25 декабря 2002 года № 98 «Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг», номер государственной регистрации 1944 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртiбi Ережесiн бекiту туралы» № 98 шешіміне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1944 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Федоров аудандық мәслихатының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртiбi Ережесiн бекiту туралы» № 98 шешіміне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн (2002 жылдың 29 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеудегі нөмірі 1956, 2003 жылдың 31 қаңтардағы № 5 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), бұрын енгізілген өзгерістер: 2003 жылғы 05 қыркүйектегі № 151 шешімімен «Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртiбi Ережесiн бекiту туралы» № 98 шешіміне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1944» (2003 жылдың 25 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеудегі нөмірі 2508, 2003 жылдың 03 қазандағы № 41 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2003 жылғы 28 қарашадағы № 19 шешімімен Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткiлiктi түрде қамтамасыз етiлмеген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртiбi Ережесiн бекiту туралы» № 98 шешіміне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1944» (2003 жылдың 09 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеудегі нөмірі 2627, 2004 жылдың 09 қаңтардағы № 2 «Федоровские новости» газетінде жарияланған): 1) 1-бөлiмiнiң 1-тармағына «Тұрмыстық жәрдемақы» «...мемлекеттiгiнен» сөздерден кейiн «және жеке меншiгiмен» сөздермен толықтыру; 2) «Тұрмыстық жәрдемақы» 1-бөлімінің 3-тармағының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «есептеу құралдары жоқ (жылу энергиясын, су, сұйық газ, электроэнергия), тұтынушыларға компенсациялық шаралармен, қамтитын коммуналдық қызметтер нормативі облыс әкімі белгіленген коммуналдық қызмет нормативі шегінде белгіленеді»; 3) «Тұрмыстық жәрдемақы» 1-бөлімінің 3-тармағының 3 абзацы «есептеу құралдары» сөздерден кейін «...облыс әкімі белгіленген нормативтен кем емес. Электр энергия нормативі бір отбасына айына 45 киловатт/сағат құрайды».
Тармақ 2
2. Осы шешім Қостанай облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап қолданысқа енеді.