О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 25 декабря 2002 года № 98 «Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2002 жылғы 15 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы № 98 «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін мемлекеттік тіркеу нөмірі 1944, 2003 жылдың 31 қантардағы «Федоровские новости» газетінде жарияланған), бұрын енгізілген өзгерістер: 2003 жылғы 15 қыркүйектегі № 151 шешімімен «Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2508, 2003 жылдың 03 қазандағы «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2003 жылғы 28 қарашадағы № 19 шешімімен «Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2627, 2004 жылдың 09 қантардағы «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 25 наурыздағы № 47 шешімімен «Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2885, 2004 жылдың 07 мамырдағы «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 125 шешімімен «Федоров аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3288, 2005 жылдың 27 қантардағы «Федоровские новости» газетінде жарияланған): 1) «Тұрмыстық жәрдемақы» 1-бөлімі 2-тармағының 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылу энергиясын жылыту және техникалық сумен қамту түрінде пайдаланудың 6 айға келесім-шарт бекіткен жағдайда тұрғын үйді ұстау және көрсетілген коммуналдық қызметтерге төлем төлеу, шектелген шығындар үлесі, отбасының жиынтық табысына 40% мөлшерінде белгіленеді»; 2) «Тұрғын үй көмегін есептеу» 2 бөлімінің 9 тармағы жойылсын.
Тармақ 2
2. Акт Федоров аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енеді.