Об утверждении Плана мероприятий по реализации задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Назарбаевым Н.А. на республиканском совещании с акимами всех уровней 25 января 2002 года в г. Астане Күшін жойған
Басқа 0
2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында өткен барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев алға қойған мiндеттердi iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.05.2003 № 106 қаулысымен.
2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында өткен барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев алға қойған мiндеттердi iске асыру мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында өткен барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев алға қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi ұсынылып отырған Iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер, басқа да мемлекеттiк органдар Iс-шаралар жоспарын көрсетiлген мерзiмiнде мүлтiксiз және сапалы орындауды қамтамасыз етсiн. Облыс әкiмi аппаратының жауапты бөлiмдерi әр айдың 5 күнi облыс әкiмiне Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Е.Е. Серiкбаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. 2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында өткен барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев алға қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 13 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында өткен барлық деңгейдегi әкiмдердiң республикалық кеңесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев алға қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары
№/№
Iс-шаралар
Аяқталу нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзiмi
1.
Бюджет қаржысының мақсатты және үнемдi жұмсалуын қамтамасыз ету. Бюджеттiң атқарылу барысында бюджеттiк ұйымдарда несиелiк берешектердiң қалыптасуына жол бермеу.
Облыс әкiмiне ақпарат
Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық мемлекеттік сатып алу жөнiндегi департамент, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi
Жыл ішінде
2.
Автомобиль жолдарын жөндеуге және қайта жаңартуға, Орал өзенiнен өтетiн көпiр құрылысын салуға бөлiнген қаржының толық игерiлуiн қамтамасыз ету.
Облыс әкiмiне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы
Жыл ішінде
3.
Агроөнеркәсiптiк сектор салаларын интенвистендiруді дамыту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, оның сапасы мен сыртқы рынокта бәсекеге төтеп берушiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша 2003- 2005 жылдарға арналған бағдарлама әзiрлеу.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстық деңгейде келісілген бағдарламалар жобаларын ұсыну және оның Республикалық бағдарламаға енгізілуіне қол жеткізу
Ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық экономика басқармасы
2002 жылдың бірінші жарты жылдығы
4.
Астық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында шағын тауар өндiрушiлердi ерiктi түрде астық одақтарына және ассоциацияларына бiрiктiру жөнiндегi жұмыстарды ыңғайластыру. Озық технологияларды енгiзу, тыңайтқыштар мен гербецидтердi қолдану есебiнен жердiң құнарлылығы мен өнiмдiлiгiне қол жеткiзу.
Облыс әкімі аппаратына ақпарат
Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылығы департаменті
Ұдайы
5.
Бекiтiлiп берiлген жерлердiң мақсатты пайдаланылуын ұдайы бақылап отыруды қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық жер қорларын басқару жөнiндегi комитет
Ұдайы
6.
Облыс тұрғындарын жыл бойы көкөнiс өнiмдерiмен қамтамасыз ету және қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында Ақсай қаласындағы газ турбиналы станцияның жобалау-сметалық құжаттарында станцияның жылу энергиясын пайдаланатын жылыжай құрысын салуды қарастыру
Газ турбиналы станцияның жобалау-сметалық құжаттарына жылыжай құрылысын салуды енгізу
Өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, "Оралэнерго"АҚ.
2002 жыл 1 тоқсан
7.
Шетелдiк инвестицияны тарту есебiнен Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кенiшiнiң су жинағыш бөгетiндегi ағын суларды пайдалану арқылы ауданның Жарсуат ауылында товарлы сүт фермасы үшiн жемшөп өндiретiн суармалы учаске құрылысын салуды ұйымдастыру.
Жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу
Бөрлі ауданының әкмі
2002 жылдың екінші жарты жылдығы
8.
Облыста жергiлiктi шикiзат ресурстары есебiнен мұнай химия саласын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, облыстық экономика басқармасы
Қыркүйек
9.
Облыстың азық-түлiк кешенi өнiмдерiнiң сапасын және бәсекеге төтеп берушiлiгiн, азық-түлiк тауарларының импорт алмастырушылығын жақсарту жөнiнде мәселелер мен проблемаларды пысықтау, ұсыныстар енгiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
Маусым
10.
Осы заманғы құрылыс өндiретiн өнеркәсiп өнiмдерiнiң мүмкiндiгiн пысықтау, ұсыныстар енгiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті
Сәуір
11.
Шикiзатты қайта өңдеудi дамыту және жетiлдiру мәселесiн пысықтау, ұсыныстар енгiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Орал қаласының әкімі, облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті
Мамыр
12.
Өнеркәсiп кәсiпорындарының қызметiн жандандыру және өрiстету, жаңа өндiрiстерді iске қосу, облыстық өнеркәсiп кәсiпорындарында жаңа жұмыс орындарын ашу және ұлғайту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті
Жыл ішінде
13.
Облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарының импорт алмастыратын өнiмдер өндiруге және жабдықтауға арналған ой-ниет шарттары мен хаттамаларын жасау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, Орал қаласының әкімі
Жыл ішінде
14.
Республиканың мұнай газ кенiшiн игерумен айналысып жатқан шетелдiк компаниялармен бiрлескен жұмыстар және өндiрiстер ұйымдастыру жөнiнде облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарына жан-жақты көмектер көрсету. (Теңiзшевройл, ОКИОК, Қарашығанақ Ықпалдастық Ұйымы).
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті
Тоқсан сайын
15.
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартқа сәйкестi сапа жүйесiн әзiрлеу және енгiзу жөнiнде аймақтық форум өткiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, "Сараптау және сертификаттау Ұлттық орталығы" ААҚ филиалы (келісім бойынша)
Мамыр
16.
Ақсай қаласында 6500 номерлiк SI-2000 сандық жаңа телефон станциясын пайдалануға беру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық телекоммуникация дирекциясы (келісім бойынша), Бөрлі ауданының әкімі
Ақпан
17.
Халыққа қызмет көрсететiн облыстың коммуналдық кәсiпорындарының жұмысын жандандыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, Орал қаласының әкімі
Тоқсан сайын
18.
Көпшiлiк пайдаланатын халықаралық, облысiшiлiк және қалалық маршруттарды ұлғайту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Ай сайын
19.
Темiр жол вокзалының iшiн көркемдеп рәсiмдеу, бекiтiлген аумақтарды абаттандыру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, облыстық көлік инспекциясы (келісім бойынша), Орал тасымалдау бөлімшесінің "Инфрақұрылым" ЕМК-ның филиалы (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
20.
Облыс iшiнде, Қазақстанның қалаларына, алыс және жақын шетелдерге авиамаршруттарды ұлғайту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру, жолаушыларға сервистiк қызмет көрсетудi жақсарту.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы, "Ақжол" ААҚ (келісім бойынша)
Тоқсан сайын
21.
Аудандардың және Орал қаласы әкiмдерiнiң аппараттарында, сондай-ақ облыстық басқармаларда, комитеттер мен департаменттерде пен орындаушылық тәртiптi нығайту.
Облыс әкімі аппаратына тоқсан сайын есеп
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық басқармалардың, комитеттер мен департаменттердің бастықтары
Ұдайы
22.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлық этикасын сақтауы.
Облыс әкімі аппаратына тоқсан сайын есеп
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың барлық мемлекеттік қызметшілері, облыстық басқармалардың, комитеттер мен департаменттердің бастықтары
Ұдайы
23.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлердiң коммерциялық құрылымдарға қатысу үлесiн, соның iшiнде облыстық әдiлет басқармасының мәлiметi арқылы тексерудi жүзеге асыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық әділет басқармасының келісімі бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары
2002 жылдың бірінші тоқсаны ішінде
24.
Мемлекеттiк органдар ұжымдарында табыстар туралы декларацияны толтырудың дұрыстығы және толықтығы мәселесi жөнiнде жұмыстар жүргiзу. Декларацияны тапсырмау немесе толық емес мәлiметтермен тапсыру жағдайларын болдырмау.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық салық комитеті
2002 жылдың бірінші тоқсаны ішінде
25.
Әкiмияттардың және барлық деңгейдегi әкiмдердiң нормативтiк-құқықтық кесiмдер қабылдауына бақылауды күшейту.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі, барлық деңгейдегі әкімдер
Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша
26.
Құқықтық мәселелер жөнiнде аудандардың және Орал қаласы әкiмдерi аппараттары бас бөлімі мамандарының семинарын өткiзу.
Семинар
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
Бірінші жарты жылдықта
27.
Ауыл тұрғындарын дәрiгерлiк байқаудан өткiзу жөнiнде скрининг бағдарламасын әзiрлеу және бекiту.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ақпан-наурыз
28.
Анықталған ауруларды кейiннен диспансерлiк есепке қоюмен тәуекелшiл топтарды анықтау, оларды сауықтыруды жүргiзу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
29.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 5-11 сынып оқушыларын дәрiгерлiк байқаудан өткiзу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІ тоқсан
30.
Тәуекелшiл топ балаларын анықтау, оларды диспансерлік есепке алу. Сауықтыру жоспарын жасау және оны іске асыру.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
31.
Орал қаласында орналасқан гарнизонның дәрігерлік қызметімен іс-әрекеттестік бағдарламасын жасау, әскери қызметшілерді дәрігерлік байқаудан өткізу
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ақпан
32.
Әскери қызметшiлердi дәрігерлік тексеруден өткізу, сауықтыруға жататын ауруларын анықтау.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІ тоқсан
33.
Ауыз судың, азық-түлiктiң сапасына, ауаның, ашық су қоймаларындағы судың, жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларына мониторингті қамтамасыз ету.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы, Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
Ай сайын
34.
Халық қоныс тепкен орындар төңiрегiн абаттандыру және тазалау жөнiнде айлықтар өткiзу, жүргiзiлген жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялау.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы
2002 жыл ІІ-ІІІ тоқсан
35.
Азық-түлiк базарларының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау айлықтарын өткiзу. Азық-түлiк базарларының қызметiне қатаң санитарлық-гигиеналық бақылауды қамтамасыз ету. Жүргiзiлген жұмыстардың қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялау.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2002 жыл мамыр-маусым
36.
Ауыз суды тазалау және зарарсыздандыру үшiн су жинағыш құрылғыларды реагенттермен қамтамасыз ету.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Жыл ішінде
37.
Тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауруын азайту мақсатында алдын-ала жаппай егумен қамтуды қамтамасыз ету.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы
Жыл ішінде
38.
"А" вирусты гепатитiнiң эпидемиялық өсуінің алдын алу мақсатында тұрғындардың неғұрлым осал топтарына иммунитеттеу жүргізу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
39.
Обаға қарсы алдын алу шараларын кешендi жүргiзу, халықтық ауруын бақылау, поселкелiк дератизация, улау жұмыстарын жүргiзiп, елдi мекендер төңiрегiнде қорғаныш аймағын жасау.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аудандардың әкімдері, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы, Орал обаға қарсы станциясы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІ-ІV тоқсан
40.
Қарашығанақ газконденсат кешенiне кешендi экологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеу жүргiзу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Батыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық мемлекеттік санэпид қадағалау басқармасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
2002 жыл ІІІ тоқсан
41.
Ауыл тұрғындарына дәрi- дәрмектiк көмектi жақындату үшiн бiрiншi дәрiгерлiк-санитарлық көмек ұйымдары жанынан дәрiхана пункттерiн ашу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
42.
Сатылатын дәрi-дәрмектердiң сапасына бақылауды күшейту, оның заңсыз айналымының жолын кесу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
43.
Бiрiншi дәрiгерлiк-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдарға күрделi және жәй жөндеу жүргiзу.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
44.
Зеленов ауданының Январцев ауылында отбасылық-дәрiгерлiк емхана ашу.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
45.
Зеленов ауданының Краснов ауылында ауылдық учаскелiк аурухана ашу.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
46.
Зеленов ауданының Үлкен Шаған ауылында ауылдық учаскелiк аурухана ашу.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
47.
Облыстық денсаулық сақтау құрылымын қайта құру.
Облыстық әкімияттың қаулысы
Аудан әкімі, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жыл ішінде
48.
Зеленов ауданының Переметный поселкесiндегi аудандық емхананы қайта жаңғырту.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІІ -тоқсан
49.
Теректi ауданы Федоровка поселкесiндегi ғимаратты туберкулез ауруханасы етiп қайта құру.
Облыс әкіміне ақпарат
Аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІІ -тоқсан
50.
Облыстағы туберкулездi емдеу мекемелерiн рентген жабдықтарымен жабдықтау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
2002 жыл ІІІ-ІV тоқсан
51.
Облыстық туберкулезге қарсы мекемелерi үшін дәрігерлік және зертханалық жабдықтар сатып алу.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы
2002 жыл ІІІ-ІV тоқсан
52.
Әрбiр ауданда жазғы каникул кезiнде балалардың жыл бойы болатын қала сыртындағы лагерлерiн ұйымдастыру.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық білім басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2002 жыл ІІ-ІІІ -тоқсан
53.
Орал қаласында жүзу бассейінін салу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімінің құрылыс мәселесі жөніндегі кеңесшісі
2002 жыл ІІІ -тоқсан
54.
Орал қаласындағы П.Атоян атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімінің құрылыс мәселесі жөніндегі кеңесшісі
2002 жыл ІІІ -тоқсан
55.
Орал қаласындағы "Жастық" стадионын қайта жаңғырту.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімінің құрылыс мәселесі жөніндегі кеңесшісі
2002 жыл ІІІ -тоқсан
56.
Спортта дарынды балаларға арналған облыста мамандандырылған мектеп-интернат ашу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық туризм және спорт басқармасы
2002 жыл ІІІ -тоқсан
57.
"Мұз айдыны Спорт сарайы" балалар-спорт мектебін ашу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі, облыстық туризм және спорт басқармасы
2002 жыл І- тоқсан
58.
"Евразия" туристiк кешенi базасында дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін кешен ашу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
2002 жыл ІІ - тоқсан
59.
38 мың балалар мен жасөспірімдерді толық дәрежеде демалумен және салауатты тынығумен қамту.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыстық білім басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2002 жыл ІІ-ІІІ тоқсан
60.
Аулалық клубтар желiсiн дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыстық білім басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Жыл ішінде
61.
Дүниежүзiлiк Денсаулық күніне арналған ақпараттық-насихаттық бейнероликтердің облыстық телерадио фестивалін өткізу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2002 жыл ІІІ-тоқсан
62.
Темекi тартумен күрестiң Дүниежүзілік күніне арналған облыстық да телерадиоакциясын өткізу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы
2002 жыл І-тоқсан
63.
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру тақырыбына арналған бейне және аудиороликтер сериясын әзірлеу.
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы, "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының Батыс Қазақстан филиалы
Жыл сайын