О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 250 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для банковских групп", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2465 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2465 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі № 250 қаулысына толықтыру енгізу туралы Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2465 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйек аралығында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженің: 9-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Осы тармақта көрсетілген банк тобына қатысушының меншік капиталының ең төменгі мөлшерінің есебіне осы қатысушының банкке талап ету құқығы болып табылатын активтері қосылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді және ол 2003 жылғы 31 желтоқсаннан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шарасын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.