О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 252 "Об утверждении Инструкции по реализации прав акционеров на преимущественную покупку ценных бумаг", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2453 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2453 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2453 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауында "нұсқаулықты" деген сөз "ережені" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "нұсқаулық" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықтың: жоғары оң бұрышында және атауында "нұсқаулықты" және "нұсқаулық" деген сөздер тиісінше "ережені" және "ереже" деген сөздермен ауыстырылсын; кіріспеде: "нұсқаулық" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын; "әзірленді" деген сөз "әзірленген" деген сөзбен ауыстырылсын; 6 және 7-тармақтардағы "осы Нұсқаулықтың" және "Осы Нұсқаулықпен" деген сөздер тиісінше "осы Ереженің" және "Осы Ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға және орталық депозитарийге жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.