О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года N 404 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3-2
"3-2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005-2007 жылдардың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеуге таза кірістің 10 (он) пайызын жіберу үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде белгіленген тәртіппен барлық қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі