О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года N 404 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3-3
"3-3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен "Эйр Астана" акционерлік қоғамы акционерлерінің 2004, 2005 жылдардың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеуден босату жөніндегі жылдық жиналыстарын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен§бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі