О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года № 182 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушных линиях Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года № 182 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушных линиях Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi № 182 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 04.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2010 AI26417_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004018_
- ЭКБ идентификаторы
- 26417
- Редакция идентификаторы
- AI26417_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:03
0 Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 182 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының әуе жолдарында жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 ж. 25 сәуiрдегi N 182 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде
N 2301 тiркелдi) келесi толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау ережелерiнде:
3-тармақта:
68) тармақшада "қосымша қызмет түрлерi үшiн" деген сөздерден кейiн "авиациялық керосин бағасы өсуiн өтем ақылау мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
38-тармақта:
"5 жылға дейiнгi" деген сөздер "2 жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "5 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақта:
"7 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.