О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 236 "О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасындағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері немесе "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі N 98 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3033 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы "5" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.