О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 25 февраля 2003 года № 45 "О составе областной ономастической комиссии" (зарегистрировано в управлении юстиции за № 1413) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы туралы" 25 ақпан 2003 жылғы № 45 қаулысына қзгерістер енгізу туралы (Әділет басқармасында № 1413 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және кадрлардың өзгерістеріне байланысты облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы туралы" (Әділет басқармасында № 1413 болып тіркелген) 25 ақпан 2003 жылғы № 45 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін және заңнамамен белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне жіберілсін. 1) Облыстық ономастикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Макежанов Сұлтанбек Алмасұлы      - облыс әкімінің орынбасары,                                     комиссияның төрағасы Арзығұлова Гүлшат Алтынғалиқызы   - ішкі саясат Департаментінің                                      жетекші маманы, комиссия хатшысы Оңғаров Мақсат Оңғарұлы           - Маңғыстау облысы әділет                                     Департаментінің бастығы                                     (келісім бойынша) 2) мына жолдар: "Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы    - облыстық ақпарат және қоғамдық                                     келісім басқармасының бастығы,                                     комиссия төрағасының орынбасары                                     (келісім бойынша)" "Рзаханов Асқар Киікбайұлы        - облыстық ішкі саясат                                     Департаментінің директоры" мынадай редакцияда жазылсын: "Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы    - Маңғыстау облысы бойынша                                     ақпарат басқармасының бастығы,                                     (келісім бойынша)" "Рзаханов Асқар Киікбайұлы        - Маңғыстау облыстық ішкі саясат                                     Департаментінің директоры,                                     комиссия төрағасының орынбасары" 3) аталған комиссия құрамынан Е.К.Күмісқали, П.Т.Кесебаева, Э.Т.Өмирханова шығарылсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық ономастикалық комиссия туралы Ережеде: 11 тармақтағы "облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы" сөздер "Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаменті" сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.