О внесений изменений и дополнений в постановление от 25 февраля 2003 года № 51 акимата Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Зандарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің кейбір мәселері» 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау облыстық тәртіптік кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4 тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес Төрағасы және бас маман - Кеңес хатшысы мемлекеттік қызметшілер болып табылады.»;
төртінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес хатшысы Кеңестің бас маманы болып табылады және облыс әкімі аппаратының бас маманы лауазымына теңестіріледі.»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес хатшысы Кеңестің бас маманы лауазымына теңестіріледі.»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Кеңес хатшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Кеңес хатшысы Кеңес мәжілісіне тиісті материалдары, қажетті құжаттарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамасын ресімдейді.
Кеңес хатшысы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырыды және Кеңестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға хақысы жоқ.»
15 тармақтағы «пен оның хатшылығы» деген сөз алынып тасталсын.
С.А. Макежанов ___________
Ә.Ө. Сахимов ___________ облыс Тәртіптік кеңесінің төрағасы
А.Т.Қабашев__________
А. Әбдешұлы ______________