О внесении изменений в решение акима области от 25 февраля 2004 года "О квалификационных требованиях к административным государственным должностям категории "Д-О-1"", зарегистрированное в Департаменте юстиции Южно-Казахстанской области от 2 марта 2004 года № 1116 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызда 1116-нөмірмен тіркелген "Д-О-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Д-О-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы"» облыс әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 10 шешіміне (Оңтүстік қазақстан облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызда 1116-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік қазақстан" газетінің 2004 жылғы 13 наурыздағы 34-35 (17671) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: N 13 қосымшада: "Талаптар" бағанында "Білімі" өлшемінде "1. Жоғары экономикалық білім немесе мемлекеттік басқару. 2. Заңгерлік"»деген сөздер "Жоғары кәсіптік білім" деген сөздермен ауыстырылсын; "Талаптар" бағанында "Практикалық тәжірибесі" өлшеміндегі 2-тармақта" және юриспруденция" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы