О внесении дополнения в решение маслихата от 25 июня 2004 года 65 «О регламенте Рудненского городского маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсыныс хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3079, «Рудненский рабочий» газетінде 2004 жылғы 30 шілдеде 61 нөмірмен, 2004 жылғы 4 тамызда 62 нөмірмен, 2004 жылғы 18 тамызда 66 нөмірмен, 2004 жылғы 1 қыркүйекте 70 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 143 «Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3448, «Рудненский рабочий» газетінде 2005 жылғы 13 мамырда 36 нөмірмен жарияланған) шешімімен, мәслихаттың 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 287 «Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-46, «Рудненский рабочий» газетінде 2006 жылғы 24 мамырда 42 нөмірмен жарияланған) шешімімен, мәслихаттың 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 408 «Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-73, «Рудненский рабочий» газетінде 2007 жылғы 9 ақпандағы 11-12 немірмен жарияланған) шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) шешіміне келесі толыктыру енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген Рудный қалалық мәслихатының регламенті келесі мазмұндағы 3-1 тарауымен толықтырылсын: «3-1. Рудный қаласы әкімінің тағайындауына мәслихатпен қарастыру тәртібі және келісім беруі. 22-1. Рудный қаласы әкімі лауазымына тағайындауына келісім алу үшін Қостанай облысы әкімінің ұсынысы мәслихатқа түскеннен кейін қалалық мәслихат сессиясы шақырылады. 22-2. Мәслихат сессиясында Рудный қаласы әкімі лауазымына кандидатураны Қостанай облысының әкімі немесе онымен өкілетті еткен лауазымды тұлға ұсынады. Мәслихат сессиясында үміткерге немесе үміткерді өкілетті ететін түлғаға сұрақтар қойылып, сонымен қатар ұсынылған кандидатураға «үшін» немесе «қарсы» депутаттар пікірлері айтып салынады. Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатура бойынша жарыс сөздер ашылмайды. 22-3. Рудный қаласы әкімі лауазымына тағайындауына келісім беру туралы мәслихаттың шешімі ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауысымен кабылданады. 22-4. Ұсынылған кандидатураны ауытқылау жағдайында мәслихаттың шешімі ауытқылауды ашық дәлелдеу керек. 22-5. Жаңа кандидатураға немесе сол түлғаға Қостанай облысы әкімінің ұсынысы мәслихатқа қайтадан шығарылған жағдайда мәслихатпен қарау сол тәртіпте жүргізіле береді».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.