О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 271 "Об участии центрального депозитария в создании и деятельности юридических лиц" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 271 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
Агенттiк Басқармасының "Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 3197 тiркелген, "Финансовый вестник" N 12 (12) 2004 жылғы журналында жарияланған) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта:
5) тармақшада "." деген тыныс белгiсi ";" деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгіне және орталық депозитарийге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.