О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Костаная от 25 февраля 2004 года № 206 "Об организации оплачиваемых общественных работ" (регистрационный номер 2792) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 206 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тіркеу нөмірі 2792) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қостанай қаласы әкiмиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 206 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тiркеу нөмiрi 2792) қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қоғамдық жұмыстардың көлемiнiң ұлғаюына, аймақты энергиямен жабдықтау рыногында жаңа компанияның iс-әрекетiнiң басталуына байланысты, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабының негiзiнде Қостанай қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкiмиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 206 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тiркеу нөмiрi 2792, 2004 жылғы 11 наурыздағы "Қостанай" газетi) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 4-тармақ төмендегi редакцияда берiлсiн: "4. Тұрғын ұй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк (Мальцева Л.П.), денсаулық сақтау (Ғалымжанов Е. М., келiсiм бойынша), бiлiм (Шек Г.Г., келiсiм бойынша), мұрағат басқармасы (Медведев С.А., келiсiм бойынша) бюджеттiк бағдарламаларының әкiмгерлерi жұмыстар мен қызмет көрсетуге ақы төлегенде 2-қосымшаға сәйкес, тiзбеде анықталған кәсiпорындардың көрсететiн қоғамдық жұмыстарының көлемi мен түрiн ескерсiн."; 2) мына мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: "Тұрғын-ұй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк кәсiпорындары орындайтын қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiне бақылау жасау "Қостанай қаласының коммуналдық шаруашылық және техникалық қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Л.П. Мальцеваға жүктелсiн." 3) Аталған қаулымен бекiтiлген, жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемi, кәсiпорындардың тiзбесiнде (2-қосымша): 8-реттiк нөмiрдегi жол, 2-бағанда: "Қостанай электр желiсi компаниясы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны" деген сөздер " "Қостанай Энерго Орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi " деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрдегi жол, 4-бағанда: "12080, 7045, 8000" деген сандар "50000, 10600, 29000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "14400" деген сан "15990" деген санмен ауыстырылсын; реттiк нөмiрдегi жол, 4-бағанда: "520000" деген сан "595000" деген санмен ауыстырылсын; 2-реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "6555" деген сан "7085" деген санмен ауыстырылсын; 3-реттiк нөмiрдегi жол, 4-бағанда: "600" деген сан "1000" деген санмен ауыстырылсын; реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "6600" деген сан "7130" деген санмен ауыстырылсын; реттiк нөмiрдегi жол, 4-бағанда: "736800" деген сан "21017220" деген санмен ауыстырылсын; 4-реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "5150" деген сан "6210" деген санмен ауыстырылсын; 12-реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "1800" деген сан "3920" санмен ауыстырылсын; 15-реттiк нөмiрдегi жол, 5-бағанда: "4500" деген сан "5560" деген санмен ауыстырылсын; қосымшаға сәйкес, 16, 17, 18-реттiк нөмiрлердiң жолдары толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсiн.
Басқа 3
Қостанай қаласы әкiмиятының 2004 жылғы 15 шілдедегі № 906 қаулысына қосымша Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарды түрлерi мен көлемдерi, кәсiпорындардың тiзбесi № Кәсіпорындардың   атауы Жұмыс пен қызметтi түрлерi Орындалатын жұмыс пен қызметтi көлемi нақтылы көрсеткiштерде адам/күн 16 "Қостанай перзентханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны Бас корпусты жертөле жайларын және электрлiк тораптарды жинау Жемiстердi сақтау жайларын жинау Қосалқы жайларды жинау Перзентхана аумағындағы шөптердi маусымына екi рет кесу Қоқыстар мен темiр сынықтарын шығару 1600 шаршы метр 200 шаршы метр 100 шаршы метр 8600 шаршы метр 18 тонна 450 17 "Қостанай "Аэропорт" ашық акционерлiк қоғамы Шөп шабу 20050 шаршы метр 250 18 "Қостанай қаласы әкiмиятының тұрғын-үй пайдалану қызметi" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны Аймақты және жертөле жайларын жинау 25000 шаршы метр 600