О внесении изменения в решение маслихата от 25 августа 2004 года № 63 «О размере и порядке оказания жилищной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 тамыздағы № 63 «Тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсету тәртібі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 25 тамыздағы № 63 «Тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсету тәртібі туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу номері 3132, аудандық «Әулиекөл» газетінде 2004 жылғы 15 қазанда № 42 жарияланған) өзгеріс енгізілсін: Осы шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы жаңа мазмұнда жазылсын: «1) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану төлеміне мүмкін болатын шығынның шекті үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді».
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланылған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ Е. Харахорина 2007 жылғы 19 желтоқсан