О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 25 июня 2004 года № 65 «О регламенте Рудненского городского маслихата» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 "Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5)-тармақшасына, 16-бабы 3) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 "Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3079, "Рудненский рабочий" газетінде 2004 жылғы 30 шілдеде 61 нөмірмен, 2004 жылғы 4 тамызда 62 нөмірмен, 2004 жылғы 18 тамызда 66 нәмірмен, 2004 жылғы 1 қыркүйекте 70 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай' өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6-бөлімде: 55-тармақ мына редакңияда баяндалсын: "Мәслихат қалалық бюджеттің орындалуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат анықтайды. Тексеру комиссиясының төрағасы (әрі қарай мәтін бойынша - төраға) мәслихат депутаттары санынан сайланады. Төраға өз қызметін басқа жұмыстан босатылған неғізде жүзеғе асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Мәслихаттың тексеру комиссиясы: 1) мәслихатқа белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің орындалуы жонінде есеп береді, ол мазмүны бойынша жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджеттің орындалуы жөніндегі қорытындысы болып табылады және оны мәслихат бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. 2) мәслихатқа және әкімдікке жергілікті бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз жұмсалу деректері жөніндегі бақылау нәтижелері бойынша, сонымен қатар жергілікті бюджетті орындау жөніндегі жұмыстың кемшіліктері жөнінде ақпарат береді. 3) ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган берген жергілікті бюджетті орындауға ішкі бақылау жүргізу актілерін талдайды және жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылаудың әсерлілігін көтеру бойынша ұсыныстар береді; 4) жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстарын жергілікті атқарушы органның орындау сәйкестігін, қаржылық есеп беруді және орындау тиімділігін бақылауды жүзеге асырады; 5) жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың басқа да деректері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органға береді; 6) жергілікті бюджет түсімдерінің толық және уақтылы түсуіне байланысты мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органның қызметіне бақылауды жүзеге асырады; 7) жергілікті бюджетті орындауға әсер ететін нормативтік актілердің әрекет етуі бойынша үсыньістар әзірлейді және енгізеді; 8) тиісті жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін орындауды бакылауды жүзеге асырады; 9) құпия, қызметтік, коммерңиялық режимін немесе заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды ескере отыр^іп, жергілікті бюджетті орындау мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысады; 10) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде жергілкті бюджеттің орындалуына ішкі бақылауды жүргізумен байланысты мәселелер бойынша қажетті қүжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді алады; 11) жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жүргізуге жергілікті мемлекеттік органның тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар шегінде олардың қызметтеріне төлей отырып аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды тартады; 12) тексеру комиссиясы өз бастамасы бойынша немесе мәслихаттың шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар жүргізе алады. Тексеру комиссиясының жүргізуіне жататын мейлінше маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген отырыстар түрінде жүргізіледі. Көпшілік тыңдаулар жүргізу тәртібі мәслихат регламентімен анықталады; 13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады; 14) тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары қалалық мәслихат сессиясында қаралады және мәслихаттың жалпы жоспарының құрамды бөлігі ретінде оның шешімімен бекітіледі; 15) тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарында қалалық бюджеттің орындалуына жан-жақты жүйелі бақылауды қамтамасыз ететін негізгі бағыттар мен іс-шаралар тізбесі баяндалуы тиіс; 16) тексеру комиссиясының отырыстарын төрага қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес шақырады. Тексеру комиссиясы отырысына шығарылған мәселелерді дайындауды тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері жүзеге асырады: 17) тексеру комиссиясының отырысы оның құрамына кіретін депутаттардың жалпы санынан жартысынан көбі қатысса, ол құқылы болып саналады; 18) бақылау іс-шараларының нәтижелерін қарау бойынша тексеру комиссиясының отырысы мына материалдар болған жағдайда жүргізіледі: жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ақпарат- қорытынды; тексеру комиссиясы қаулысының жобасы. 19) жергілікті атқарушы органның қалалық бюджетті орындау жөніндегі есеп беруін қарау нәтижелері бойынша комиссия отырысы қала әкімдігі ұсынған мына материалдар болған жағдайда жүргізіледі: қалалық бюджетті орындау бойынша есеп беру; түсіндірмехат; түсімдер бойынша бюджетті орындау жөнінде, сонымен қатар олардың тиімділігін багалауды қосқанда жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы аналитикалық есеп беру. 20) тексеру комиссиясы өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды; 21) тексеру комиссиясының қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Егер комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең болса, тексеру комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Тексеру комиссиясының қаулысына төраға қол қояды. Мәслихаттың бірнеше тұрақты комиссиясының қатысуымен тексеру кЪмиссиясының бірлескен отырысы өткізілген жағдайда қаулыға тиісті комиссиялардың торағалары қол қояды. Қаулы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді. 22) тексеру комиссиясының отырысына шығарылған мәселені талкылау кезінде комиссия ерекше пікірді айту кұқығына^ие, ол жазбаша түрде ресімделеді және отырыс хаттамасына қоса беріледі; 23) тексеру комиссиясының қаулылары бақылау іс-шараларының қорытындылары, қалалық бюджетті орындау жөніндегі жылдық есеп беруді бекіту бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мәселелер бойынша қабылданады. Бақылау нәтижелері бойынша қаулы қарау үшін және анықталған бүзушылықтарды жою, мемлекетке келтірілген зиянды өтеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдану үшін атқарушы органдар мен ұйымдарға - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберіледі. 24) тексеру комиссиясының отырысына ведомстволар мен бақылау объектілерінің өкілдері, сонымен қатар төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады; 25) бақьшау іс-шараларын мәслихат шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сай орындау үшін жауапты орындаушылар мен мерзімдерді көрсете отырып, мәслихат хатшысының өкімі шыгарылады; 26) бақылау іс-шараларын өткізу нәтижелері бойынша тексеру актісі екі данада ресімделеді және оған тексеруші, ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Бірінші дана тексерілетін ұйымның басшысына (немесе жауапты лауазымды түлғаға) беріледі, екіншісі тексерушіде қалады; 27) бақылау нәтижелері бойынша бойынша тораға тексеру комиссиясында қарауға материалдар, комиссия қаулыларының жобасын және мәслихаттың жақын арадағы сессиясына бақылау нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындайды. 28) тексеру комиссиясы жұмысының жариялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәй.кес жүзеге асырылады; 29) тексеру комиссиясының қабылдаған қаулыларын іске асыру барысына бақылауды төраға жүзеге асырады; 30) тексеру комиссиясы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және ішкі бақылау қызметтері келісім бойынша бірлескен қаржылық қызметті жүзеге асыра алады; 31) тексеру комиссиясы ясәне мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкес болған жағдайда бақылау қорытындыларын өзара мойындайды, келісілген мерзімдерде тақырыптық бақылаумен қамтылған тексерілген объектілер мен бағдарламалар туралы ақпаратпен алмасады; 32) тексеру комиссиясы мен қаржылық бақылау органдарының кешенді бақылауы жылына бір реттен жиі емес және екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі; 33) тексеру комиссиясының мүшелері бакылау актілерінде баяндалған мәліметтердің шүбәсіздігіне, әділдігіне және толықтығына Қазақстан Республикасының зандарында қарастырылған жауапқа тартылады.