О внесении дополнения в решение маслихата от 25 июня 2004 года № 65 «О регламенте Рудненского городского маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілік деңгейін көтеру, әкімдердің мәслихаттар алдындағы есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3079, 2004 жылғы 1 қыркүйекте «Рудненский рабочий» қалалық газетінде 70 нөмірмен жарияланған) шешіміне, мәслихатгьщ 2005 жылғы 18 наурыздағы № 143 "Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3448, 2005 жылғы 13 маусымда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде 36 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
3-бөлім мына мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Қалалық мәслихаттың екі сессиясында, жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын орындауда қала әкімі өз қузыреті шегінде қалалық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттер туралы есеп береді. Есеп беру және оны талқылау қорытындылары бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім Рудный қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қолданысқа енеді.