О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 25 июня 2004 года № 65 «О регламенте Рудненского городского маслихата» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабы 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5)-тармақшасына, 16-бабы 3-тармағына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-гармағы 4)-тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 «Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3079, «Рудненский рабочий» газетінде 2004 жылғы 30 шілдеде 61 нөмірмен, 2004 жылғы 4 тамызда 62 нөмірмен, 2004 жылғы 18 тамызда 66 нөмірмен, 2004 жылғы 1 қыркүйекте 70 нөмірмен жарияланған, мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 143 "Мәслихатының 2004 жылғы 25 маусымдағы № 65 "Рудный қалалық мәслихатының регламенті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы'\ мемлекеттік тіркеу нөмірі 3448, "Рудненский рабочий" газетінде 2005 жылғы 13 мамырда 36 нөмірмен жарияланған шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-бөлімде:
55-тармақта:
бірінші абзац "тексеру комиссиясын" сөздерінен кейін "мемлекеттік қаржылық бақылау органы болып табылатын" сөздерімен толықтырылсын;
25-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"мәслихаттың шешімімен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін жауапты орындаушыларды және бақылау мерзімдерін көрсете отырып, мәслихат хатшысының өкімі шығарылады.
Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есептегі бланктерде ресімделеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің аумақтық органдарында тіркелуі тиіс.
Бақылау іс-шаралары туралы өкім тексеріс басталатын күні тексерілетін ұйымның басшысына беріледі".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.