О внесении изменения и дополнения в решение акима области от 25 февраля 2004 года № 9 "О квалификационных требованиях к административным государственным должностям", зарегистрированное в Департаменте юстиции Южно-Казахстанской области от 2 марта 2004 года № 1115 Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2004 жылғы
2 наурызда 1115-нөмірмен тіркелген "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы"
облыс әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 9 шешіміне өзгеріспен толықтыру
енгізу туралы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы облыс әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 9 шешіміне (Оңтүстік қазақстан облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызда 1115-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 13 наурыздағы 34-35 (17671) нөмірінде жарияланған облыс әкімінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 15, 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 26, 2004 жылғы 13 мамырдағы N 29 шешімдерімен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
N 43 қосымшадағы қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының саны 4 бірлік деп саналсын және N 15-7 алынып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес N 46 қосымшамен толықтырылсын.
Басқа 1
Оңтүстік Қазақстан облысының
әділет департаментінде 2004 жылғы
2 наурызда 1115-нөмірмен тіркелген
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
қойылатын біліктілік талаптары туралы"
облыс әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы
N№9 шешіміне өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы облыс әкімінің
2004 жылғы 27 шілде N 34 шешіміне
N 46 қосымша
Облыс әкімияты Астана қаласындағы өкілдігінің бас инспекторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары Д-3, (1 бірлік) N 07-2
Өлшемдер
Талаптар
Білімі
1. Жоғары кәсіптік білім.
Кәсіптік біліктілігі
1. ҚР заңнамасын білуге тест өткізу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер
2. ҚР Азаматтық кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" ҚР Заңдары, "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Президентінің Жарлығы.
Практикалық тәжірибесі
1. Бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционал-дық міндеттері
1. ҚР үкіметінде құжаттардың жобаларын келісу кезінде көмек көрсету. өкілдіктің қызметің қамтамасыз ету.
2. Жұмысты болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру қабілетінің болуы.