О внесении изменений в постановление акимата области от 25 мая 2005 года № 170 «О мерах по защите территорий и населения Западно-Казахстанской области от природных пожаров» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысында тұрғындар мен аумақтарды табиғи өрттен қорғау жөніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 25 мамырдағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, 2005 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған болжанбаған шығындарға арналып бөлінген жергілікті атқарушы органдар резервінің қаражатын үнемдеуге байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысында тұрғындар мен аумақтарды табиғи өрттен қорғау жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 25 мамырдағы N 170 қаулысына (тіркеу №2932, облыстық "Приуралье" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы №74, "Орал өңірі" газетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы №74 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
5 тармақтағы:
"4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың)" сан мен сөздер "3 440 000 (үш миллион төрт жүз қырық мың)" сан және сөздермен ауыстырылсын;
5 тармақтың 2 тармақшасында:
"3 000 000 (үш миллион)" сан мен сөздер "1 940 000 (бір миллион тоғыз жүз қырық мың)" сан мен сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімдігінің орынбасары Ә.Б. Сытдықовқа жүктелсін.