О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 января 2005 года № 57 и от 3 марта 2006 года № 146 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 57 және 2006 жылғы 3 наурыздағы N 146 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 57 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 3, 29-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салу үшiн сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша 2005 жылға кредит беру ережесiнде:
2-тармақтағы "2 (екi) жыл мерзiммен" деген сөздер "2007 жылғы желтоқсанда өтеу мерзiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2006 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 наурыздағы N 146 қаулысында :
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына сәйкес пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсiн.";
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "2 (екi)" деген сөздер "3 (үш)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыға сәйкес кредиттiк шарттарға (келiсiмдерге) қосымша келiсiмдер жасасуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.