О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 822 и 14 декабря 2006 года N 1204 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: "Денсаулық сақтау ісін реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 126-жолда: 4-бағандағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "670 000" деген сандар "867 216" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "382 602" деген сандар "156 939" деген сандармен ауыстырылсын; 9-баған "28 447" деген сандармен толықтырылсын; реттік нөмірі 127-жолда: 5-бағандағы "1 350 589" деген сандар "1 153 373" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "448 089" деген сандар "250 873" деген сандармен ауыстырылсын. "Бағдарлама бойынша жиыны» деген жолда: 8-бағандағы "27 617 748" деген сандар "27 392 085" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "59 961 175" деген сандар "59 989 622" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында : көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша: 005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасы бойынша: "Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешенін Оренбург көшесінде (Агроқалашық ауданында) (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) салу» деген жолдағы "670 000" деген сандар "867 216" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласында амбулаторлық-емханалық кешен (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, 150 адам қабылдайтын балалар емханасы, Грязнов - Колхозная - Репин көшелерінің бойынан) салу" деген жолдағы "448 089" деген сандар "250 873" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.