О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 822 и 14 декабря 2006 года N 1204 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 563-жолда: 5-бағандағы "1448527" деген сандар "1237140" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "767452" деген сандар "578025" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 564-жолда: 4-бағандағы "2007" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы "8072500" деген сандар "11472500" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "5049059" деген сандар "5238486" деген сандармен ауыстырылсын; 8-баған "4010573" деген сандармен толықтырылсын; реттік нөмірі 566-жолда: 4-бағандағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы "5000000" деген сандар "5056572" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "3955000" деген сандар "1189427" деген сандармен ауыстырылсын; 9-баған "2867145" деген сандармен толықтырылсын; "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда: 8-бағандағы "169248592" деген сандар "170493592" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "27462374" деген сандар "30329519" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында : көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында: 206 "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" әкімшісі бойынша: 006 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламада: "Қоянды өзенінің су қоймасында Астана қаласының тұрғындарына арналған қысқа мерзімді демалыс аймағы" деген жолдағы "767452" деген сандар "578025" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласында 3500 орындық киноконцерт залын салу" деген жолдағы "5049059" деген сандар "5238486" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.