О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 822 и от 14 декабря 2006 года N 1204 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 550-жолда: 5-бағандағы "12037708" деген сандар "14106105" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "5091136" деген сандар "3977278" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "827633" деген сандар "1497005" деген сандармен ауыстырылсын: 9-бағандағы "471161" деген сандар "2984044" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 557-жолда: 7-бағандағы "4600000" деген сандар "5713858" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "2132759" деген сандар "1018901" деген сандармен ауыстырылсын; "Бағдарлама бойынша Жиыны" деген жолда: 8-бағандағы "170493592" деген сандар "170049106" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "30329519" деген сандар "32842402" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында : көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша: 029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында: "Астана қаласында Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту" деген жолдағы "5091136" деген сандар "3977278" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласындағы Президент паркі" деген жолдағы "4600000" деген сандар "5713858" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.