О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Тарановского района от 25 апреля 2006 года № 114 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формировании Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2006 года» Қолданыста
Басқа 0
Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 114 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы каулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Таран ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 114 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы (Таран ауданының әділет Басқармасымен тіркелген 2006 жылғы 6 мамырда 9-18-29, аудандық газеті «Шамшырақ» 2006 жылғы 18 мамыр № 20) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамынан Жанабай Жолтайұлы Бисимбаев шығарылсын;
жоғары көрсетілген комиссиянын құрамына:
Қайрат Жанділдәұлы Сүйіндіков - аудан әкімінін орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру аудандық резервтік комиссиясы 3 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Осы каулы ресми басылым күнінен бастап он күнінен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Аудандық резервтік әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 259 қаулысына 3 қосымша
Аудандық резервтік әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Денис Валентинович Ишеев - Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары - қорғаныс аумақтық және жұмылдыруға дайындык бөлім бастығы, комиссияның төрағасы
Кенжебек Ерғалиұлы Ещанов - аудан әкімінін орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Гүлнәр Қасымқызы Бекманова - Қарулы Күштерінің қызметкері, комиссияның хатшысы
Достияр Ещанұлы Айсин - «Таран аудандық орталық ауруханасы » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы
Төлеутай Мейрамбекұлы Жарылғапов - «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығынын орынбасары