О внесении изменения в постановление акимата района от 25 апреля 2006 года № 125 «О корректировании средней урожайности (продуктивности) и цен для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 125 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген, балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдіғі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 125 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеу немірі 9-5-29, 2006 жылғы 9 маусымдағы «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған), бұрын әкімдіктің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 223 «Әкімдіктің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 125 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-33, 2006 жылғы 6 қазандағы «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған) қаулысымен өзгеріс енгізілген қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. 30 %-ға азайту жолымен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2007 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.