О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города от 25 декабря 2006 года № 1517 "Об организации общественных работ на 2007 год" Қолданыста
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1517 «2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы»
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 157 Заңының
қолданылуы 2007 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылуына байланысты, қала
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2006 жылы 25 желтоқсандағы № 1517 «2007 жылға
қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (қалалық әділет басқармасында
2006 жылғы 28 желтоқсанда № 5-2-53 тіркелген) қаулысына мынадай
өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
аталған қаулының «2007 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру
ұсынылатын ұйымдардың тізбесі» деген қосымшасында:
1-тармағында: 4-бағаны «құжаттармен жұмыста көмек» деген сөздермен
толықтырылсын;
5 - бағанындағы «300» деген сан «288» деген санмен ауыстырылсын;
32 - тармағында 5-бағанындағы «170» деген сан «140» деген санмен
ауыстырылсын;
қосымшасы қосымшаға сәйкес 40, 41, 42-тармақтармен толыктырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған куннен бастап заңды күшіне енеді.
«Семей қаласының «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекеме
Қ. Жұмабай
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары
Т.Мүсәпірбеков
Қала әкімі аппаратының басшысы
Е. Майкенов
Басқа 3. 2007 жылға қоғамдык жұмыстар ұйымдастыру ұсынылатын ұйымдар ТІЗБЕСІ
Қала әкімдігінің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 141 қаулысына қосымша
Қала әкімдігінің
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1517 қаулысына қосымша
2007 жылға қоғамдык жұмыстар ұйымдастыру ұсынылатын ұйымдар ТІЗБЕСІ
«Семей қаласының «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекеме
Қ. Жұмабай