О внесении изменений в постановление акимата города Степногорска от 25 декабря 2006 года № а-23/724 «Об организации социальных рабочих мест в 2007 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № ә-23/724 «2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын негізге алып, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № ә-23/724 «2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2007 жылдың 6 қаңтарында № 1-2-62 тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 (264) «Престиж» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: жолдағы 14 рет нөмірі «Қазақ-Қытай Бірлескен Тау Кәсіпорны» ЖШС» деген сөздері «Қазақалтын» ТМК АҚ Бестөбе кенішінің» бөлімшесі» деген сөздерімен ауыстырылсын; жолдағы 34 рет нөмірі «Қазақалтын ТМК» АҚ» деген сөздері «Ормандар және жануарлар әлемін қорғау» ММ» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы С.Е. Есмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № ә-5/213 қаулысымен бекітілген 2007 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдардың тізімі № Ұйымның атауы Мамандығы 1. «Қазпошта» АҚ АОБ Дүңгіршекте жұмыс істейтіндер және операторлар 2. «Руслан и Жанна» ЖШС Жұмысшы және күзетші 3. «Шаңтөбе-Сервис» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 4. «Рахат» ӨК Әр түрлі жұмыстағы адам және газоэлектросварщик 5. «Шаңтөбе-Энерго» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 6. Зенченко ЖК Тігіншілер 7. Джиоева ЖК Күзетшілер 8. Жаңағұлова ЖК Наубайшы, асхана жұмысшысы, аспазшы, жүкші, сатушы 9. «Молодежный» ПИК Салықшы-сырлаушылар, темір ұсташы- сантехниктер, көгалдандырушылар, аумақ тазалаушылары, әр түрлі жұмыстағы адамдар 10. «Надежда» ПИК 11. «Весна» ПИК 12. «Восток» ПИК 13. «Вита-СТ» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар, этикетка жабыстырушылар 14. «Қазақалтын» ТМК АҚ Бестөбе кеніші» Жай тазалаушылары, аумақ тазалаушылары, асхана жұмысшылары, әр түрлі жұмыстағы адамдар 15. «Жатақхана» ЖШС Аумақ тазалаушысы және вахтерлер 16. «Джет-7» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 17. «Биоком» ЖШС Жұмыс жайлардың тазалаушылары және аула тазалаушысы 18. «Молторг» ЖШС Сатушылар 19. «Школьное питание» ЖШС Наубайшылар мен аспазшылар 20. Волосникова ЖК Асхана жұмысшысы 21. Бекмағамбетова ЖК Асхана жұмысшысы 22. Кенжин ЖК Тігіншілер, сатушылар және жүкші 23. Мамедова ЖК Сатушылар 24. Нұрбаев ЖК Наубайшылар, жүкшілер мен жайлар тазалаушылары 25. «Балу» ШҚ Әр түрлі жұмыстағы адамдар 26. «Время» ШҚ 27. «Олжас» ШҚ 28. Жақпарова ЖК Асхана жұмысшылары, аспазшы, сатушы және жүкші 29. Тачилова ЖК Аппаратшылар 30. «Универбаза» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 31. «МашзаводМұнай» ЖІІІС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 32. «Агро-шанс» ЖШС Күзетшілер және асхана жұмысшылары 33. «АНЛФА» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 34. «Ормандар және жануарлар әлемін қорғау» ММ Қараушылар