О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бескарагайского района от 25 января 2006 года № 31 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 31 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақ- стан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,20 баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24- наурыздағы № 213 Заңының бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 31, Бескарағай аудандық әділет басқармасымен 2006 жылғы 8 ақпанда 5-7-14 нөмірмен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінде 2006 жылғы 11 наурызда жарияланған қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 қосымшаның 15 тармағы мыналармен толықтырылсын: «сауда орындарының қоймаларындағы қосалқы жұмыс», «қоғамдық тамақтандыру орындарындағы қосалқы жұмыс», «май құю станцияларында қызмет көрсету кезінде көмек ету»; 2 қосымшаның: 11 тармағының «АҚЖ-қа қатысушылар саны» тарауындағы «6» саны «3» санымен ауыстырылсын; 14 тармағының «Қаржыландыру көздері» тарауы «жұмыс беруші-50%, аудандық бюджет-50%» - деп толықтырылсын; 19 тармағының «АҚЖ-қа қатысушылар саны» тарауындағы «4» саны «2» санымен ауыстырылсын; 30 тармағының «АҚЖ-қа катысушылар саны» тарауындағы «8» саны «4» санымен ауыстырылсын; 2 қосымша мына мазмұндағы кестемен толыктырылсын: Жеке кәсіпкер Нұрғалиева Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 2 2 50% 50% «Даир» шаруа қожалығы Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 3 3 50% 50% Жеке кәсіпкер Ганженко Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 2 2 50% 50% Жеке кәсіпкер Нұрғалиев Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 2 2 50% 50% Жеке кәсіпкер Утешқалиева С.Қ. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 2 2 50% 50% «Мир» шаруа қожалығы Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізбесі бойынша Тапсырыс бойынша 2 2 50% 50%