О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 34 "Об утверждении Правил создания, лицензирования, регулирования, прекращения деятельности организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Агенттiк Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4176 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесiнде: 9-тармақта: 10) тармақшадағы ";" деген тыныс белгiсi "." деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын; 11) тармақша алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсiн.