О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 44 "Об установлении нормативных значений и методик расчетов пруденциальных нормативов для банковских конгломератов, а также форм и сроков представления отчетности об их выполнении" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Банк конгломераттары қызметін реттеп отыратын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 наурызда N 4148 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 4-тармақта: үшінші абзацтағы "кредиттік" және "салымды" деген сөздер алып тасталсын; үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: "Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысанда банктің банк конгломераты қатысушыларына көрсететін есеп айырысу-касса қызметінен басқа банк конгломераты қатысушыларының арасындағы қомақты операциялар (ол атқарылған күні жасалған және банк конгломератының меншікті капиталының бес және одан артық проценті болатын операциялар танылады) жөніндегі мәліметтер сондай-ақ уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген) сәйкес ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда;"; 10-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: "Тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін банк конгломераты қатысушыларының активтерінің, шартты және мүмкін міндеттемелер сомаларының есебіне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді."; 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Бір заемшының тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді."; 16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Егер осының алдындағы есепті күнде заемшыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемі осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде болған жағдайда, бірақ нәтижесінде банк конгломератының меншікті капиталы деңгейінің осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде заемшыға деген талап бес проценттен артық төмендеуіне байланысты, не заемшыға деген талап осының алдындағы есепті күннен кейінгі кезең ішінде он проценттен артық көрсетілген шетел валюталарына теңгенің орташа алынған биржалық бағамының өсуінен заемшыға банк конгломераты талаптарының өсуіне байланысты аталған шектеулерді көтерген жағдайда бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативі орындалды деп есептеледі. Аталған жағдайларда банк конгломератының сабақтас ұйымы шектеулерден асып кету фактісі туралы уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген асып кету туындағанда күннен кейінгі күн ішінде хабар береді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету жағдайы аталған мерзімде жойылмаған жағдайда, бір заемшыға деген тәуекелдің барынша жоғары мөлшерінің нормативінен асып кету аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады."; 1 және 2 қосымшалар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жазылсын; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Басқа 8. Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің есебі мың теңгемен
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысының 1 қосымшасы "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына 1 қосымша Банк конгломераты жарғылық капиталының есебі Банк конгломератының жарғылық (төленген) капиталы ______ тең                                                (мың теңгемен) Алынған капитал ________________ тең                   (мың теңгемен) Банк конгломератының жарғылық капиталы ________________ тең                                         (мың теңгемен) 1-кесте Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің есебі мың теңгемен №N Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­ла­ры­ның ата­уы Жиын­тығы 1. Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың нақ­ты мөл­ше­рі 2. Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­ла­ры­ның жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар 3. Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­ла­ры­ның жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лар­ды ше­гер­ген­де­гі мен­шік­ті ка­пи­тал­дың нақ­ты мөл­ше­рі 4. Банк кон­гло­ме­ра­ты­ның қа­ты­су­шы­ла­ры тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­ле­ген ак­тив­те­рі­нің, шар­тты және ық­ти­мал мін­дет­те­ме­ле­рі со­ма­сы 5. Банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның  жет­кі­лік­ті­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті 1-кестені толтыру жөніндегі ереже: "Банк конгломераты қатысушыларының атауы" атты баған олардың қысқаша атауы көрсетілетін банк конгломераты қатысушыларына тиісті санына қосалқы бағандарға бөлінеді. 2-кесте Бір заемшының тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің есебі Ко­эф­фи­ци­ент­тің ата­уы Тәу­е­кел мөл­ше­рі Тәу­е­кел­дің банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­ріне қа­ты­на­сы Бо­рыш­кер және банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің тү­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1 2 3 Банк кон­гло­ме­ра­ты­мен ерекше қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты емес тұл­ға­ға банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі Банк кон­гло­ме­ра­ты­мен ерекше қа­ты­на­стар­мен бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі Мөл­ше­рі банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның он про­цен­ті­нен аса­тын банк кон­ло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің со­ма­сы Төраға ____________________________ (фамилиясы, аты-жөні және қолы) [мөрі] Бас бухгалтер __________________________ (фамилиясы, аты-жөні және қолы) күні _______
Басқа 9. Кестені толтыру жөніндегі ережелер:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысының 2 қосымшасы 1 кесте мың теңгемен N    № Са­лым­дар­дың кре­дит тәуе ке­лі­нің дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген  банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­ла­ры­ның ак­тив те­рі­нің, шар­тты және мүм­кін мін­дет­те­ме­ле­рі бап­та­ры­ның ата­уы Про­цент­пен тәу­е­кел дә­ре­же­сі Ба­ланс бой­ын­ша ак­тив­тер, шар­тты және мүм­кін мін­дет­те­ме­лер со­ма­сы Эли­ми­нир­леу Жиын­тық Са­лым­дар­дың кре­дит тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген  ак­тив­тер, шар­тты және мүм­кін мін­дет­те­ме­лер со­ма­сы Де­бет Кре­дит Ак­тив­тер: I-топ: 1 0 2 ... II-топ 1 20 2 ... III -топ 1 50 2 ... 75 ... IV -топ 1 100 2 ... V-топ 1 100 2 ... ... 150 ... Жиын­тық: Х Са­лым­дар­дың кре­дит тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген  ак­тив­тер, шар­тты және мүм­кін мін­дет­те­ме­лер со­ма­сы Х Са­лым­дар­дың кре­дит тәу­е­ке­лі­нің дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген ак­тив­тер, шар­тты және мүм­кін мін­дет­те­ме­лер­дің жиын­тық  со­ма­сы Х Кестені толтыру жөніндегі ережелер: "Баланс бойынша активтер, шартты және мүмкін міндеттемелер сомасы (мың теңгемен)" бағаны олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін қосалқы бағандарға бөлінеді. Шартты және мүмкін міндеттемелер екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтер есебін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесіміне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді. 2 кесте мың теңгемен Тәу­е­кел ата­уы Банк кон­гло­ме­ра­ты  қа­ты­су­шы­сы­ның ата­уы Жиын­тық Ры­н­ок­тық тәу­е­кел Опе­ра­ци­я­лық тәу­е­кел Төраға __________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы) [мөр] Бас бухгалтер ________________________________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы) күні _______ Кестені толтыру жөніндегі ережелер: "Банк конгломераты қатысушысының атауы" бағаны рыноктық және операциялық тәуекелдерге маңыз беретін, сондай-ақ олардың қысқаша атаулары көрсетілген банк конгломераты қатысушыларының санына сәйкес келетін шағын бағандарға бөлінеді.".
Басқа 10. Банк конгломераты қатысушылары арасындағы қомақты операциялар бойынша мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыз N 157 қаулысының 2 қосымшасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына 3 қосымша Банк конгломераты қатысушылары арасындағы қомақты операциялар бойынша мәліметтер №N Қар­сы агент ата­уы Опе­ра­ци­я­лар тү­рі Ва­лю­та түр­ле­рі Со­ма­сы (мың тең­ге­мен) Шарт жа­сал­ған күн  (та­лап­тар­ды орын­дау ба­стал­ған күн) Шар­ттың іс-қи­мы­лы аяқ­тал­ған күн (та­лап­тар­ды орын­дау аяқ­тал­ған күн) 1. ".