О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 44 "Об установлении нормативных значений и методик расчетов пруденциальных нормативов для банковских конгломератов, а также форм и сроков представления отчетности об их выполнении" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4148 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4403 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5363 тіркелген), қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 3-тармақта "қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына" деген сөздер "пруденциалдық реттеу мақсатында банк конгломератының қатысушысы тұрған елдің уәкілетті органы пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеуші есеп берудің стандартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; "11-1. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті оның құрамындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдингі акцияларын сатып алған банк немесе орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк бар болған кезде 0.10-нан кем болмайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.