О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 44 "Об установлении нормативных значений и методик расчетов пруденциальных нормативов для банковских конгломератов, а также форм и сроков представления отчетности об их выполнении" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк конгломератының меншікті капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншікті капиталының өзге де салымдары алынып тасталады.»;
1-қосымшасында «Банк конгломераты меншiктi капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң есебi» 1-кестенің:
2, 3-жолдар, реттік нөмірлер мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.
Инвестициялар
3.
Инвестицияларды шегергендегі меншiктi капиталдың нақты мөлшері
».
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.