Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 64 "Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, а также разрешения на значительное участие в уставном капитале юридических лиц"

Қаулы · № 194 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-64/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 64 "Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, а также разрешения на значительное участие в уставном капитале юридических лиц" Күшін жойған Қаулы ·№ 194 ·28.11.2008
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 64 "Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, а также разрешения на значительное участие в уставном капитале юридических лиц"

Күшін жойған Қаулы ·№ 194 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 64 "Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, а также разрешения на значительное участие в уставном капитале юридических лиц"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
194
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI43151_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005449_
ЭКБ идентификаторы
43151
Редакция идентификаторы
AI43151_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:30

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 "2-1-тарау. Қордың еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі

1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4145 тіркелген) Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 64 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4739 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 жылы шілдеде жарияланған, N 7, 267-құжат ), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығ ын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5141 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толық тырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ шілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ережені бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже бекітілсін";
Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-а қ заңды тұлғ алардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру туралы Ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже";
кіріспеде "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсаттық айтарып алу" деген сөздермен толық тырылсын;
2-тармақта "Қорға" деген сөз алынып тасталсын, "рұқсат беретін тізілімді" деген сөздер "берілген және кері қайтарып алынған рұқсаттардың тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
"10-2. Қор уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының 8-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
Қор өзіне қатысты емес себептер бойынша еншілес ұйымға бақылау құқығын иеленген жағдайда, Қор осы факті анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде еншілес ұйымды сатып алу ғ а уәкілетті органның рұқсатын алу үшін Заңның 41-1-бабының 4-тармағымен көзделген құжаттарды табыс етеді.
10-3. Қор заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының 9-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Қордың еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
10-4. Уәкілетті орган Заңны ң 41-1-бабыны ң 10-тармағымен көзделген жағдайларда еншілес ұйымды құруғ а немесе сатып алуғ а, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
10-5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, Қор Заңның 41-1-бабының 10-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және уәкілетті органға өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) иелігінен шығарған күннен бастап, үш күндік мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны табыс етеді . ";
1-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ережеге 1-қосымша";
атауы "берілген" деген с ө зден кейін " және кері қайтарып алынған" деген сө здермен толықтырылсын;
"
Қор­дың ен­ші­лес ұй­ым құ­руы­на неме­се са­тып алуы­на жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­дың кү­ні және нө­мі­рі
"
деген бағаннан кейін кесте мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"
Қор­дың ен­ші­лес ұйым­ды құруға неме­се са­тып алуға бе­рі­л­ген рұқсат­ты ке­рі қай­та­рып алу күні және нөмі­рі
";
2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге 2- қосымша";
"
Заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы ка­пи­та­лы­на қо­мақ­ты түр­де қа­ты­су­ға рұқ­сат бе­ру кү­ні және нө­мі­рі
"
деген бағаннан кейін кесте мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"
Заңды тұлғалар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на
қомақты қаты­суға бе­рі­л­ген рұқсат­ты
қай­та­рып алу күні
және нөмі­рі
";
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуғ а, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге 3- қосымша";
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге 4- қосымша" .

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.

4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы