О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің нарықтық құнының жол берілетін ауытқулары
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4361 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4764 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 49 қаулысымен енгізілген өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
11-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"DJ EURO STOXX 50 Е (SX5E) – 30 (отыз) пайыз";
жетінші абзацта "және тәуекел" деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақта:
"құрамы инвестордың мүдделерімен айқындалатын бағалы қағаздар" деген сөздер "стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қаржы компаниялары" деген сөздерден кейін ", не Ұлттық Банк" деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақта "30 (отыз)" деген цифр және сөз "50 (елу)" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
47-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Нарық жағдайында, осы Ереженің 46-тармағында көрсетілген эталондық портфельден ауытқу 10 (он) пайыздан астам болса, жинақ портфелі кірістілігінен ауытқудың өзгермелілік көрсеткіші 2 (екі пайыздан) асуы мүмкін.";
54-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
" 54. Жинақ портфелінің акциялар портфелінің дербес басқарудағы активтері осы Ереженің 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестициялануы мүмкін, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге және репо операцияларына инвестициялауға жол беріледі .";
56 ж ә не 61-тарма қ тар алынып тасталсын;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Егер құрылымдық өнімнің эмитенті әрбір айдың соңғы жұмыс күніне неғұрлым жиірек негізде нарықтық құнның бағасын (Bid бағасы) ұсынуға өзіне міндеттеме алған жағдайда ғана құрылымдық өнімді сатып алуға рұқсат етіледі.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-ке, ABS-ке және агенттіктер, халықаралық қаржы ұйымдары және банктер эмиссиялайтын ААА ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар құрылымдық өнімдерге қолданылмайды.";
3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне 3-қосымша
Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің нарықтық құнының жол берілетін ауытқулары
Эталон
Ең төменгі
Ең жоғарғы
Кірісі белгіленген бағалы
қағаздар
75%
65%
100%
Акциялар
25%
0%
35%
".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарға, өкілдігіне және ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр ___________Жәмішев Б.Б.
2008 жылғы 29 қыркүйек