О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде: 11-тармақта: екінші абзацта «45 (қырық бес)» деген цифр және сөздер «40 (қырық)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацта «30 (отыз)» деген цифр және сөз «35 (отыз бес)» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта: екінші абзацта «45» (қырық бес)» деген цифр және сөздер «40 (қырық)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацта «30 (отыз)» деген цифр және сөз «35 (отыз бес)» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын; 35-1-тармақта «Валютамен операциялар» деген сөздерден кейін «, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тарау мынадай мазмұндағы 35-3-тармақпен толықтырылсын: «35-3. «Жаппай активтік акциялар» және «Активтерді жаппай тактикалық бөлу» мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.»; 46-тармақта: 1) тармақшада «75 (жетпіс бес)» деген цифр және сөз «80 (сексен)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшада «25 (жиырма бес)» деген цифр және сөз «20 (жиырма)» деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын: «50-1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.»; 53-тармақта: «(бұдан әрі - акциялар портфелі)» деген сөздерден кейін «, осы Ереженің 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын: «55-1. Акциялар портфелінің кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады.»; 71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.»; 3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; 7, 8 және 9-қосымшалар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, өкілдіктері мен ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ___________ Б. Жәмішев 2009 жылғы 28 желтоқсан
Басқа 1. Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің нарықтық құнының жол берілетін ауытқулары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 107 қаулысына қосымша «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің және жинақ портфелінің құрамындағы акциялар портфелінің нарықтық құнының жол берілетін ауытқулары Эта­лон Ең тө­мен­гі Ең жо­ғар­ғы Кі­рі­сі бел­гі­лен­ген ба­ға­лы қа­ға­з­дар 80 пай­ыз 70 пай­ыз 100 пай­ыз Ак­ци­я­лар 20 пай­ыз 0 пай­ыз 30 пай­ыз ».