Құжат мәтініне өту

Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Өзге акт · № 16/93 · қабылданған 17.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.06.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/25-2007-n-420/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/93 ·17.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗБәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/93 · қабылданған 17.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/93
Қабылданған күні
17.02.2009
Көрсетілген редакция
30.06.2009 · қолданыстағы AI45063_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09UE000070
ЭКБ идентификаторы
45063
Редакция идентификаторы
AI45063_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:45

0 Бәдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы N 4/20 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы" Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-55 тіркелген, 8 ақпан 2008 жылғы "Алғабас" газетінде жарияланған) N 4/20 шешімінің қосымшасына мына төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тараудың 1 тармағының 1 тармақшасындағы "Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, қалалық телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға беріледі" деген сөздер "Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 тараудың 1 тармағының 2 тармақшасындағы "отбасыға көрсетілетін көмектерді және" деген сөздерден кейін "жер үлесінен," деген сөзбен толықтырылсын;
2 тараудың 2 тармағындағы "тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындары отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады" деген сөздер "Тұрғын үй көмегі әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржы мен отбасының 20 пайызы арасындағы айырма сомасында тағайындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;
ереженің 7 тармағы 3-1 тармақшасымен толықтырылсын "3-1) азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табысын көрсетіп жазған жазбаша өтініші".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.