О внесении дополнения в постановление акимата от 25 января 2007 года № а-1/31 «Об организации оплачиваемых общественных работ в Щучинском районе на 2007 год», (зарегистрированного в Управлении юстиции Щучинского района 9 февраля 2007 года № 1-19-93) Қолданыста
Басқа 0
«Щучье ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 25 қантардағы 2007 жылғы № а-1/31 қаулысына (Щучье ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 9 ақпанда 1-19-93 нөмірімен тіркелген) толықтыр енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, 20 бабының 1 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабының сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8 тармақтарына, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдер жүйесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Щучье ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/31 (Ақмола облыстық әділет басқармасында 2007 жылығы 9 ақпанда 1-19-93 нөмірімен тіркелген) қаулысында келесі толықтырулар енгізілсін:
аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/31 қаулысымен бекітілген, 2007 жылға арналған кәсіпорындардың, үйымдар мен мекемелердің тізбесі, жұмыстың түрі, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес 21, 22 тармағымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының күші 2007 жылғы 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Алтаеваға жүктелсін.
Басқа 5
Щучье ауданының әкімдігінің
2007 жылғы 03.04. № а-4/168
қаулысына қосымша
№ р/н
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің атаулары
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Жұмысты орындау мерзімі
Бағытталған жұмыссыздардың саны
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының еңбекақысының мөлшері (теңге)
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
21.
«Щучинск каласы әкімінің аппараты» ММ
«Тұрғындардың әлеуметтік картасы мониторингісі» атты Республикалық Бағдарламаны орындау бойынша табысы өмір сүру минимумына дейінгі азаматтарды және тұрмысы төмен азаматтарды тексеру және учаскелік комиссияларға әлеуметтік картамен жұмыс істеуде көмек көрсету
Жыл барысында
7
9752
Жергілікті бюджет
22.
Щучье ауданының әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі
Мүлікті жария ету бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету
Сәуір-тамыз
8
9752
Жергілікті бюджет