О внесении дополнений и изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 152 "Об утверждении правил по сохранению и использованию библиотечных фондов" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде: атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта «құжаттардың» деген сөзден кейін «қалыптасуы,» деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақтағы «(бұдан әрі - баспа басылымдары),» деген сөздерден кейін «басылымның міндетті тегін данасын (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымның) (бұдан әрі - басылымның міндетті тегін данасы)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақшалармен толықтырылсын: «4-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады. Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады. 4-2. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 4-3. Басылымдардың міндетті даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.». 2-бөлімнің атауында «жинақтау» деген сөз «қалыптастыру» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдары» және «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін тиісінше «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдарын» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасын» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақ алынып тасталсын; 13-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «, басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Мәдениет комитеті белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.