О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 25 мая 2007 года № 19/2 "Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Акбельском, Уштобинском, Петровском, Каракудукском, Шешенкаринском, Кокпектинском, Умуткерском, Ростовском, Белагашском, Ботакаринском, Молодецком, Корнеевском, Самаркандском, Каражарском, Актобинском сельских округах и поселке Ботакара" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы №19/2 «Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы №19/2 «Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына (2007 жылғы 26 маусымдағы (мемлекеттік тіркеу нөмірі №8-11-38, аудандық №27 «Сарыарқа» газетінде 2007 жылдың 7 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Аталған қаулының кіріспесінде «Ақтөбе» деген сөзден кейін «Суықсу» деген сөзбен толықтырылсын, «Ботақара кентінде» деген сөздерді «Ботақара, Қушоқы кенттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4, 6 тармақтарда «Ақтөбе» деген сөзден кейін «Суықсу» деген сөзбен толықтырылсын, «Ботақара кентінде» деген сөздерді «Ботақара, Қушоқы кенттерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ірі қара малдар арасында бруцеллездің тіркелуіне байланысты, Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе, Суықсу селолық округтарының және Ботақара, Қушоқы кенттерінің жеке аулаларында ауру жұқтыру ошақтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін»;
Тармақша 3
3) 2 тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) малдар арасында бруцеллездің өршуі тіркелген округтер арқылы аурудан малдарды тасымалдауға (айдауға), аумаққа малдарды тасымалдауға (әкелуге), тек оларды союға жіберген жағдайдан басқа»; 4) 5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) бруцеллездің алдын алу және онымен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін, ішкі істер Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейтсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген Аудандық ішкі істер Басқармасының бастығы М. Рахимжанов 10.09.2007 Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалының бастығы С. Сембаев 10.09.2007 Қазақстан ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Е. Кұсаев 10.09.2007