О реализации решения Федоровского районного маслихата от 25 декабря 2007 года № 23 «О районном бюджете Федоровского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармакшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде нөмірі 9-20-60 болып тіркелген «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, амбулаторлық емделу кезінде республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, есептік көрсеткіштің бес есе колемінде біржолғы әлеуметтік комек;
Тармақша 3
3) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер мен Қазақстан Республикасының жұмыскерлеріне 30000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық әлектрстанциясындағы апатты жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, зейнеткерлік жасқа толмаған 1 және 2 топтағы мүгедектерге 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
Тармақша 5
5) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, үйде оқытатын мүгедек балаларға, айлык есептік көрсеткіштің екі есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, аз қамтылған, жан басына шыққандағы табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларына, айлық есептік корсеткіштің төрт есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, Федоров ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектеріне, коммуналдық қызметті жартылай шығынды өтеу үшін, айлық есептік корсеткіштің екі көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) білім ұйымдары түлектеріне Қазақстанның жоғары немесе орта арнайы оқу орындарының студенттер санынан жастарға нақты көлемінде оку ақысын төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компыотерлік томографияда тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін құжаттардың негізінде тексерілу бағасынан жүз пайыз көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) тиісті білім бағдарламаларын үлгілі игерген, жергілікті бюджет қаражат есебінен оқуға байланысты шығындары өтелетін күндізғі жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы аз қамтылған отбасылар студенттеріне 10000 (он мың) теңгеден аспайтын ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, ауданның әкіміне жазбаша отінішпен барған халықтың әлеуметтік жіктеріне, айлық есептік көрсеткіштің елу есе колемінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 12
12) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын аз қамтылған азаматтарға, айлық есептік көрсеткіштің 0,5 көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) мүгедектердің Житиқара аймақтық оңалту орталығына баруына байланысты шығындарды өтеу үшін, нақты көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бүдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған жұмыссыздардьі жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады, егер ол қаза болған күнге текті уәкілітті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеген адамға төленеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік комек қайтыс болған кәмелетке толмаған балаға егер қайтыс болған баланың еңбекке қабілетІ бар әкесі (асырап алушысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бүдан әрі-уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарға, қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін, қайтыс болған күнде онымен бірге түратын отбасының мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырушыларға төленеді. Жерлеу үшін әлеуметтік көмегіне өтініштердің мерзімдері қайтыс болған күннен бастап алты айдан аспау болуьі қажет;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасының, ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедектерге. дарынды балаларға, және жастар санынан студенттерге, білім үйымдары түлектеріне тағайындалады;
Тармақша 5
5) әлеуметтік комек мүгедек-балаларды компьютерлік томографпек тексеруге байланысты шығындарды өтеу үшін, отбасылары табысына қарамастан мүгедек баланың ата-аналарына немесе өзге занды өкілдеріне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек аудан әкімінің бүрыштамасы бар аудан әкімінің аппаратына өтініш карточкосының негізінде, отбасылары табысына қарамастан халықтың әлеуметтік жіктеріне біржолғы материалдық көмек төленеді;
Тармақша 7
7) әлеуметтік комек психологиялық-медициналық-педогогикалық консультаңия қорытындысы негізінде, үйде оқитын мүгедек- балаларға тағайындалады және төленеді. Мүгедек балалар интернат үйлерінде және шипажайлық мектептерінде түрған кезінде әлеуметтік көмегі төленбейді;
Тармақша 8
8) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау немесе бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылданған күнінен бастап, он күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі кеңесші ведомствоаралық комиссиясында қабылданады;
Тармақша 9
9) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті түрлері банктік операңиялар жүргізуге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің лиңензиясы бар үйымдар немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік багдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.