О внесении изменений в решение маслихата от 25 декабря 2007 года № 23 «О районном бюджете Федоровского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Федоров ауданы әкімдігі қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-60, 2008 жылғы 14 ақпандағы № 7 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), бұрын енгізілген мәслихаттың шешімімен өзгерістер: 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 41 «Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-64, 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет мына көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 1428294 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдер - 412399 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 719 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетіндер - 2334 мың теңге; трансферттерден түсетіндер - 1012842 мың теңге; 2) шығындар - 1479673,8 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 51379,8 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басында тартылған еркін қалдықтарды тарту есебінен жабылатын тапшылығы - -51379,8 мың теңге».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 53 шешіміне қосымша Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті