О внесении изменений в решение маслихата от 25 декабря 2007 года № 23 «О районном бюджете Федоровского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Федоров ауданы әкімдігі қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-60, 2008 жылғы 14 ақпандағы № 7 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), бұрын енгізілген мәслихаттың шешімімен өзгерістер: 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 41 «Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-64, 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 53 «Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-71, 2008 жылғы 5 маусымдағы № 23 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2008 жылғы 16 шілдедегі № 80 «Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-80, 2008 жылғы 31 шілдедегі № 31 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1457811 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдер - 422232 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 3170 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетіндер - 3050 мың теңге;
трансферттерден түсетіндер - 1029359 мың теңге;
2) шығындар - 1502190,8 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 44379,8 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басында тартылған еркін қалдықтарды тарту есебінен жабылатын тапшылығы - -44379,8 мың теңге».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2008 жылғы 10 қарашадағы
№ 105 шешіміне
қосымша
Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті