О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 25 декабря 2007 года № 27 «О бюджете Аулиекольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 27 «Әулиекөл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 116-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 62 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 27 «Әулиекөл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-61, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 2 санында жарияланған), бұрын мәслихаттың 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 39 «Мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 27 «Әулиекөл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-7-66, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 санында жарияланған): Айтылған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Ауданның 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 1776642 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 488914 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 827 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1500 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 1285401 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 975886 мың теңге; 2) шығындар - 1828828,3 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 52186,3 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы - 52186,3 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын - 52186,3 мың теңге сомасында қаржыландыру, қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен». Осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес айтылған шешімнің 1, 2 және 4-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Мәслихаттың 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 51 шешіміне 1-қосымша
Басқа 4
Мәслихаттың 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 51 шешіміне 2-қосымша
Басқа 5
Мәслихаттың 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 51 шешіміне 3-қосымша