О внесении изменений в решение маслихата от 25 декабря 2007 года № 28 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет кодексінің 116-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 34 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 «Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (2008 жылдың 3 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-49, «Сарыкөл» № 3, 17 қаңтар 2008 жыл: 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын : «1-қосымшаға келісе Сарыкөл ауданының аудандық бюджеті орындауға алынсын,: кірістер - 1 408 948 мың тенге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 295 189 мың теңге, салыққа жатпайтын түсімдер - 349 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1150 мың теңге, алынған ресми трансферттер - 1 112 260 мың теңге, шығындар - 1 438 526,9 мың теңге, операциялык сальдо - 29 578,9 мың теңге, тапшылығы - 29 578,9 мың тенге, бюджет тапшылығын пайдалану - 29 578,9 мың теңге». Көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын (коса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталған шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5